Италияда пойыздан кешіккен жас музыкант вокзалда өнер көрсетіп, әлемге танылды (видео)

Сәрсенбі, 6 Қаңтар , 2016 23:10

Римнен Миланға жүретін пойыздан кешігіп қалған 21 жастағы Эмануэль Фазано есімді италиялық музыкант вокзалда тұрған пианинода өз туындыларын ойнап, әлемге танылды

uhod-za-pianino

Бұл туралы Қазақпарат шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

Жас жігіт келесі пойызды күтіп, вокзалда уақыт қысқарту үшін сондағы музыкалық аспапта жұртышылыққа өз туындысын ойнап берген. Оны жанындағы продюссері бейнеге түсіріп алып, әлеуметтік желіге салған.

Роликті тамашалағандар саны бірден артты. Жас пианистің өзі туындысының халыққа ұнағанына бірден сене қоймағанын айтты. Ол осыдан кейін Ұлыбританияда өтетін концертте өнер көрсетуге шақырту алды.

Бұған дейін Фазано қонақүйлер мен мейрамханаларда жұмыс істеп, нәпақа тауып жүрген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар