Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италияда полицейлер жалғыз қалып жылап отырған қарттарға кешкі ас дайындап берді (фото)

Римде полицейлер тұрғындардың шағымынан кейін көпқабатты үйдің біріне келді. Олар көрші пәтердегілердің айғайлап, жылағанын айтқан.

4f60c2000fc8ef

Полицейлер пәтерге кіргенде 84 жастағы Джоли мен 94 жастағы жолдасы Микеленің жылап отырғанын көрген. Олар телеарнадан адам шошырлық жаңалықтарды көріп жылаған.

Егде ерлі-зайыптылар 70 жылдан бері бірге тұрып келеді. Олар соңғы кездері өздерін мүлде жалғыз сезініп жүргендерін айтқан. Жақындары демалысқа кетіпті. Ал, өздері телеарна жаңалықтарынан хабарлаған жағымсыз жаңалықтарды көріп жағаларын ұстайды.

Жедел-жәрдем қызметі келгенше полицейлердің бірі қарттарға маймен кеспе қуырып берді, ал қалған үшеуі олармен әңгімелесіп отырған.

7cc4bf1efc4c0d

«Бұл қылмыс емес, қарттардың үйіне ұрлық та түспеген, алаяқтар да алдап кетпеген. Олар жалғызсырап қалған. Қарттарға қамқорлық жетіспейді», – деп жазады полицей желідегі парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкент полицейі арбаға таңылған мүгедек жанға көмектесті

Петропавл полицейлері 22 жыл бұрын есін жоғалтқан әйелге көмектесті

Шығыс қазақстандық ауыр науқас балаға Яна Рудковская мен кубалық миллионерлер көмектесті

Талқылау