Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италияда ғалымдар азық-түліктен жасалған робот ойлап тапты

Бүкіл әлемдегі өнертапқыштар соңғы уақытта экология мәселесіне көп көңіл аударып жүр. Осы ретте Италия ғалымдары экороботтар жасауға жарайтын биопластик ойлап тапқанынын айтып отыр. Ең қызығы, ол азық-түлік қалдықтарынан жасалған екен.

ппп

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Құлаққа ерсі естілетін бұл жобаның болашақта шынайы дүниеге айналатын түрі бар.  Соның ішінде итальяндық ғалымдар да қоршаған ортаға зияны аз өнім шығару мақсатында бас қатыруда.

“Биоыдырайтын табиғи материалдар өте жұмсақ келеді. Олардан роботтардың терісін жасауға болады. Сонан соң мұндай дүниелерге түрлі сенсорларды орнату да оңай. Осының арқасында құлтемірлердің сезімталдық дәрежесі артады”, – дейді Италия технология институтының қызметкері Атанассия Атанассиу.

Безымянный

Мамандардың айтуынша, пластиктердің арқасында роботтардың салмағы да әлдеқайда жеңіл болады екен. Тағы бір ерекшелігі бұл материалдан жасалған құлтемірлер адамға көбірек ұқсайтын көрінеді.

“Біз, әрине, биоыдырайтын пластикке бірден көше алмаймыз. Әуелі одан роботтардың сыртқы беті жасалады. Болашақта андроидтарды толықтай осы материалдан өндірсек деген жоспар бар”, – дейді маман.

Уақыт өзгерген сайын роботтардың да алуан түрі жасалуда. Осы ретте олардың қалдықтарын қайта қолданып, кәдеге жарату мәселесі де туындап отыр. «Тек осы проблема толықтай шешілсе, биоыдырайтын пластиктен жасалған роботтарға деген сұраныс артып, олар басқа құлтемірлерді нарықтан ығыстырып шығады», – дейді ғалымдар.

Талқылау