Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италияда құлаған көпір 30 адамның өмірін қиды (видео)

Тірі қалғандарды Генуядегі автомобильдік көпір қираған жерден тапқан деп хабарлайды Stan.kz.

Италияда құлаған көпір 30 адамның өмірін қиды

Соңғы мәлімет бойынша, көпір қираған жерден жеті зардап шеккендерді алып шыққан. Олар тікұшақпен ауруханаға жеткізілген. Көбінің арқалары сынып кеткені айтылған. Сонымен қатар, куәгерлермен психологтар жұмыс жасауда.

Қазіргі таңда 30 адамның денесі табылған, олардың қатарында бала бар.

Желіде құтқарушылар операциясының суреттері пайда болды. Онда зембілдердегі адамдардың денелері көрінеді. Тағы да Генуеде әлі жаңбыр тоқтамағаны байқалады.

Оқиға орнында кем дегенде ұсақталған 10 шақты жеңіл де, жүк көліктері табылған. Олардың кейбіреуі өзенге құлаған. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында құлаған жерге таяу қойылған көліктерге әзірге тиіспеген.

Аталған автокөлік көпірі сейсенбі күні қираған. Көпір өнеркәсіптік аймақ пен темір жолдардың үстінде орналасқан. Ол 1960-шы жылдары тұрғызылып, соғңы жөндеу жұмыстары 2 жыл бұрын, 2016 жылы болған.

Талқылау