Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италияда қала бастығы өз қаласын қытайлықтарға сатамын деп шешім қабылдады

Италиядағы Сан-Соссио-Барония қаласының мэрі Франческо Гарофало шаһарды құтқарып қалу үшін бай қытайлық инвесторларды іздейтінін мәлімдеді.

Безымянный

Сурет viaggioinirpinia.it

Гарофало 1,7 мың халқы бар қаланы жағдайдың төмендеуі себепті сатқысы келетінін жариялаған. Сондай-ақ, ол қуана-қуана жаңа қожайынға көмектесетінін де жеткізіпті.

“Қала “Интер”, “Милан” секілді футбол клубтарына қарағанда арзан тұрады. Бірақ, мол пайда бере алатын кәсіпкерлік орта екенін де айта аламын. Инвесторлар өз ақшасына табиғаты тамаша, туристер көп келетін қаланы ала алады”, – дейді қала басшысы.

Мэр осылайша Италияның көптеген қаласында жиі кездесетін экономикалық және демографиялық қиындықтарды астын сызып көрсете отырып, әзіл хабарландыру жасаған.

Талқылау