Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италияда баланы қолдан жүдеткен вегетариан жұп ата-ана құқығынан айырылды

Италия билігі 14 жастағы баланың денсаулығына елеулі зиян келтірген ерлі-зайыптыны ата-ана құқығынан айырды. Олар балаларын вегандық диетаға күштеп отырғызған.

deti-vegetariancy_samara_bebinka

Небәрі 5 келі салмағы ғана қалған баланың өмірі үшін дәрігерлер күрескен. Милан ауруханасына баланы 2 шілде күні атасы мен әжесі алып келген. Талдау қорытындысында баланың қан құрамындағы кальций өмір сүру үшін жеткіліксіз болып шыққан. Баланың жүрегіне де жедел түрде операция жасалу керек екен. Балаға қазір операция жасалып, денсаулығы аз да болса қалыпқа келген.

Бірақ, ата-анасы баланың рационын алмастырып, оған арнайы үстеме тамақ беруден бас тартқан соң дәрігерлер арнайы қызметке хабарласқан. Сот баланы ата-анадан бөлектеу туралы шешім шығарады. Қазір баланы ата-әжесіне беру мәселесі қарастырылуда.

Дәрігерлер бала жақсылап тамақтанып, тұрақты түрде нәрлі тағамдар қабылдау керек деп отыр.

Италияда соңғы жылдары вегандық дәстүр өте қатты танымалдылыққа ие болып кеткен. Оны қазірдің өзінде 3 пайыз халық тұтынуда. Ал соңғы бір жарым жылда вегандық отбасылардың төрт баласы ауыр жағдайда ауруханаға түскен.

Талқылау