Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италияда айналасындағы әйелдерді есінен тандыратын сымбатты полицей бар (фото)

Бұл жігіт Италиядағы ең сымбатты әрі әйелдер көз ала алмай қарайтын тартымды полицей деген атаққа ие болды. Тіпті  сымбатты жігіттің желідегі парақшасына көптеген қыздар жазылып, суретін тамашалағанды жақсы көреді екен. Арулар жігіттің жалаңаш денесіне ғана емес жұмыс киімінің өзіне ғашық.

полиция6

Олар « Полицейлерге арналған киімді таныстырып тұрған секілді» деп жазған.

полиция

AdMe.ru  сайты жігіттің желідегі суреттерін өз оқырмандарына көрсете отырып, сымбатты жігіттің қандай адам екенін анықтауға тырысқан.

полиция5

Танысып алыңыздар, бұл – Алессандро Перес. Италиялық полицей  Флоренцияда тұрады. Жігітті белсенді студент блогер сыртынан суретке түсіріп, желіге жүктеп жіберген еді. Қарапайым полиция қызметкері осыдан кейін бірнеше күн өтісімен айтарлықтай танымалдыққа қол жеткізген.

полиция4

Көріп тұрғандарыңыздай оған қызметтік киімі жарасып тұр. Күнделікті жұмысында осындай тартымды болып жүретін жігітті арнайы әзірлікпен суретке түсірсе, есінен танатын сұлулардың еселеп артары анық.

полиция2

Сымбатты полиция қызметкері  ғаламторда өз жұмысы мен жұмыс киімін қатты жақсы көретіндігімен танымал.

Қыздар жігіттің желідегі парақшасына кіріп, жұмыс киімімен жасырылған сымбатына риза болған.

полиция3

оны танитындардың айтуынша сымбаттылығымен таныла бастаған кезде ол қатты ұялған. Дегенмен оның әбден шыныққан денесін айқындай түскен суреттерін желіге жүктегеніне қарап, ұялшақ деп ойламайзы.

полиция1

Жігіттің суретіне қарап ғашық болған арулардың бақытына орай  Алессандро бойдақ болып шықты. Сондықтан жігіттің жүрегін жаулау жоспарын ұйымдастыруға бәрінің де  мүмкіндігі бар.

 

Талқылау