Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италия соты Skype арқылы жасалған некені заңды деп тапты

Италияның Кассациялық соты  италияндық пен Пәкістан азаматының скайп арқылы жасалған некесін  заңды деп тапты. Бұл туралы Corriere della Sera басылымы жазған.

скайп-неке

Сот Сан-Джованни ин Персичето бұл некені заңды деп танып жұпқа оны растайтын құжат беруге міндеттеді. Скайп арқылы некелескен жастар 2012 жылы  оны растайтын құжат ала алмаған. Сот екі азаматтың екі елде болғанына байланысты олардың бірге келіп некелерін заңдастыруға мүмкіндіктері болмаған деп түсіністікпен қарады. Бұған дейін  қашықтағы екі ғашықтың некесін барлық сот заңсыз деген үкім шығарған еді,-деп жазды ТАСС.

Кассациялық сот осыған дейінгі соттардың үкімін жоққа шығарған сәттер Италияда жиі кездесіп тұрады. Бұған дейін елдегі бір жынысты ғашықтың бала асырап алу құқығы қорғалған еді. Ол кезде Италияда  ондай отбасыларға қатысты заң нақты қабылданбаған болатын.

Бұған дейін Италия Үкіметінде   бұл елдің азаматтығын алмаған адамдарға италияндықтарға тұрмысқа шықса немесе үйленсе заңдастырылмайтын. Билік өз кезегінде келімсектермен осылайша заң жүзінде күрес

 

 

 

Талқылау