Италия соты ниқабты шешуден бас тартқан әйелге 30 мың евро айыппұл салды

Сейсенбі, 15 Қараша , 2016 14:15

Италия соты қоғамдық орынға ниқаб киіп барған әйелдің әрекетіне және оның ниқабты шешуден бас тартқанына қатысты 30,6 сың евро айыппұл салды.

4095293t100h3289

Фото: news.postimees.ee

Бұл туралы Messaggero Veneto басылымы хабарлайды.

Осы жылдың қазан айында Италияда 16 жылдан бері тұратын әйел Сан-Вито-ал-Тальяменто қаласының жастар кеңесінің отырысына келген. Бұл органға оның ұлы қатысқан.

Ниқаб киген әйелді көрген қала мэрі оған киімін шешуді немесе залдан шығып кетуді талап етеді. Алайда әйел бас тартқан. Қала басшысы бірден полицияға хабарласып, оны мекемеден шығарады. Әйелдің әрекетіне қатысты хаттама толтырылып, іс сотқа жөнелтілген.

Алғашқы тыңдалымда-ақ сот әйелді төрт айға бас бостандығынан айырып, 600 евро көлемінде айыппұл салады. Әйел келіспей қайта шағым түсірмекші болғанда, сот оның айыппұлының көлемін 50 есеге дейін арттырып жібереді. Алайда төрт айлық жазаны алып тастаған.

Италияда заң бойынша ниқаб киюге тыйым салынған. Бұл орамал секілді киім – әйел адамның тек екі көзін ашық қалдырып, толық тұмшалап тұрады.

Оқи отырыңыз:

Әлем халықтарының адам шошырлық сексуалды дәстүрлері (фото)

Үндістанда нәресте ескі банкнотты қабылдаудан бас тартқан дәрігерлер кесірінен көз жұмған

Оқытушы колледждегі жұмыстың көптігіне шыдамай көпірден секіріп кетті

Елдің ең құрметті азаматына Астанадан пәтер сыйға беріледі

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар