Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италияда ер адам 60 жылға жуық жүргізуші куәлігінсіз көлік айдаған

Италияның Мизано-Адриатико қаласының тұрғынына 5 мың евро айыппұл салынды. Ол көлігін жүргізуші куәлігінсіз 58 жыл бойы айдаған.

C1M2Kn4WIAA3iuF

78 жастағы Леонардо Маринелли осы жылдар ішінде ешкімнің құжатын тексермегенін айтады.

«Бұл жай ғана сәттілік болған шығар», – деп жазады жергілікті басылымдар. Өзінің айтуынша, оның туыстары да жүргізуші куәлігі жоқ екенін білмеген екен.

Маринеллиге айыппұл салып қана қоймай, Fiat Pand көлігін де тартып алды.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағанды облысында 10 сағат бойы үйінділер астында жатқан ер адам құтқарылды

Ыстамбұлдағы теракт: Мобильді телефон америкалық азаматтың өмірін құтқарып қалды

Ғалым: Мәскеу қазақ жігітінің есімінің құрметіне қойылған

Талқылау