Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ит қаза тапқан қожайынын күтіп, жарылыс орнынан кетпей жүр (фото)

Қожайынына адалдық танытып, тоғыз жыл бойы теміржол бекетінде күткен атақты Хатико (иттің аты) тарихы бауырлас түрік елінде де қайталанып отыр.

xlarge

5 қаңтар күні Измир қаласындағы сот ғимаратында орын алған жарылыстан қаза тапқан Фетхи Секин есімді азаматтың «төрт аяқты досы» қожайынын іздеп, оқиға орнынан кетер емес.

Зейтин деп аталып кеткен бұл иттің жарылыс орнын тапжылмағанына осымен бесінші күн болған. Измир тұрғындарының айтуынша, сот ғимаратында қарауыл болып қызмет атқаратын Фетхи Секин үнемі иесіз қалған итті тамақтандырып, оған қамқорлық жасап тұрған.

Марқұмның мейірімділігіне адалдықпен жауап қайтарған Зейтиннің қашанға дейін аза тұтары белгісіз…

Айта кетейік, жарылыс болған күні Зейтин де сол жерде болған. Бақылау камераларында байқалғандай, бірден қаза тапқан қожайынына ұмтылған төбет таңғажайып түрде тірі қалған екен.

muslim.kz

Жіберіп алмаңыз:

Ит көлік қағып мерт қылған серігінің қасынан кете алмай жүр

Ит өзге жаралы итті құтқарам деп екі күн бойы пойыз астында жатты (видео)

Әжей 63 жылдан бері құм мен қиыршық тас жеп келеді (видео)

Талқылау