Ит иесін комадан шығарып алып, ендігі “дәрігер” болып жүр

Ұлыбританияда Энди Сас есімді азамат итінің арқасында комадан шықты.

Ит иесін комадан шығарып алып, ендігі "дәрігер" болып жүр

Бұл туралы Metro басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Энди химиотерапия курстарынан кейін пневмонияның асқынған түрімен ауруханаға түскен. Дәрігерлер оны жасанды комаға ікіргізуге мәжбүр болыпты. Пациенттің жағдайы тұрақталғаннан кейін оған Тедди атты итті кіргізуге рұқсат етілді. Ер адам өз итінің үргенін естіп, мамандар жоспарлаған уақыттан үш күн бұрын комадан шықты. Сонымен қатар Саса бір аптадан аз уақыттың ішінде ауруханадан шығарылды.

Энди өзін иті құтқарып қалғанына сенімді. Ол алғыс білдіру үшін итін арнайы терапиялық курстарға берген. Ендігі Тедди ауруханалар мен қарттар үйінде жұмыс істеп, өзге пациенттерге дертінен айығуға көмектесіп жүр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар