Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ит иелерін қорғау үшін 4 жыланды өлтіріп, өзі жылан уынан өліп кеткен

Үндістанда ит түннің бір уағында үйге кірмек болған төрт жыланды өлтіріп, өзі шағып алған жылан уынан өліп кеткен. Бұл оқиға дүйсенбі күні болған.

1-70-600x335

Сурет: vseprovsih.com.ua

Төрт жыланмен бірнеше сағат бойы арпалысқан иттің денесі қып-қызыл қан болған. Ит барлық жыланды өлтірмейінше қайтпаған. Ол бірнеше жерден шаққан жылан уынан соң шамалы уақыттан соң өзі өлген.

Ит иелері болған оқиғаға әлі де сенер емес.

«Мен әлі де өз көзіме сене алар емеспін. Ол өз өмірін қиып, менің отбасымды қорғап қалды. Мен оны өмірімнің соңына дейін ұмытпаймын», – дейді иесі.

Бұл жағдайды естіген жүздеген тұрғын жиналып, иттің басына гүл шоқтарын қойып, жерлеу рәсімін өткізген.

Жіберіп алмаңыз:

Иесін қорғамақ болған ит жыланның құрбанына айналды

Питон жыланы 3 сағат бойы өз терісінен шыға алмай қамалып қалды (видео)

Унитаз арқылы үйіңізге жылан немесе көртышқан кіруі мүмкін

Америка азаматы питон жыланын шалбарына тығып ұрлап кеткен (видео)

 

Талқылау