Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетолог ыстық күнде қандай тағамдарды тұтыну қауіпті екенін атады

Ыстық мезгілдегі кейбір тағамдар салмақ қосуға ықпал етіп қана қоймай, дегидратацияға әкелуі мүмкін, сонымен қатар улану қаупін тудырады және жүрек пен қан тамырларының жұмысында ақау пайда болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"СберЗдоровье" медициналық онлайн қызметінің диетологы Маргарита Макуха күн ыстықта жеуге болмайтын тамақ өнімдерін атады. 

Шіліңгір шілдеде жеуге кеңес берілмейтін өнімдердің қатарына – тәттілер, маринадталған қияр, ысталған ет және кофе кіреді.

"Бұл өнімдер шөлді қандырмайды, керісінше өршітеді. Сонымен қатар олар дегидратацияға ықпал етеді, ішек микрофлорасына кері әсер етеді, иммунитетті төмендетеді және аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін", – деді дәрігер РИА Новостиге берген сұхбатында.

Кілегейі бар тәтті тағамдар да ішекке қауіп төндіруі мүмкін, өйткені сақтау шарттары қадағаланбаған жағдайда патогендік бактериялар оларда тез көбейеді. 

Диетолог, сонымен қатар майлы тағамдардан, жылдам тамақтану орындарынан және жылдам көмірсулардан аулақ болуға шақырады, өйткені ыстықта адам аз қозғалады, сондықтан барлық калорияларды жоя алмайды. 

Кофе диуретикалық қасиеттеріне байланысты қауіпті, себебі ол дегидратацияны тудыруы мүмкін, сонымен қатар жүрек-қан тамырлары жүйесіне стресс береді.

Сонымен бірге ыстық күнде алкоголь де зиянды – жоғары температура оның уытты қасиеттерін күшейтеді. 

Талқылау