Істі мойныңа ал деп ұрып-соқты: Ақтөбеде ауыл шөбін өртеді деп күдіктелген жігіт кінәсіз екенін айтты

Ақтөбе облысында ауыл шөбінің өртіне қатысты ұсталған күдікті өзіне жала жауып жатқанын айтты. Айтуынша, полицейлер оған күш көрсетіп, кінәні мойынан алуын талап еткен.

Істі мойныңа ал деп ұрып-соқты: Ақтөбеде ауыл шөбін өртеді деп күдіктелген жігіт кінәсіз екенін айтты

Бұған дейін Қарғалы ауданына қарасты Қостестек ауылында бірнеше тұрғынның шөбі өртеніп, тұрғындарды үрейде ұстап келді, деп жазады Актобе Таймс.

Тұрғындар әлдекімдердің хат жазып қалдырып, қорқытып жатқанын айтқан болатын. Кейіннен өртке қатысты үш адамның ұсталғаны хабарланды. Оның бірі кәмелетке толмаған жасөспірім, бірі 35 жастағы әйел мен 25 жастағы ер адам.

Алайда 25 жастағы күдікті Камиль Абдулов журналистерге ашық сұхбат беріп, өзін полицейлердің ұрып-соққанын айтты.

Қазір Камиль ауруханада жатыр. Мүгедектер арбасымен жүріп жүр.

“Мені заңсыз ұстап алды. Мен ешнәрсе өртеген жоқпын. Темекіні әкімдік жанына тастағам. Сол үшін ұстап алып, кінәні мойныма алуды талап етті. Басымнан ұрды. Бірі жергілікті полицей, екеуі ақтөбелік полицей. Біреуі ұстап тұрды, екеуі газтұмылдырықпен тұншықтырды. Бірнеше өртті мойныма алуымды сұрады. Егер алмаған жағдайда барлық өрт оқиғасын жабатынын айтты. Мен адвокат жалдап, прокуратураға арыз жаздым. Жауап алып, мені ұрған соң сол жақ аяғым істемей қалды. Полицияда медбике екі дәрі беріп, екпе салды. Полицейлердің кінәсі үшін мүгедек болғым келмейді. Отбасым бар, екі баланың әкесімін. Оларды кім асырайды?”, – дейді Камиль.

Полицейлер Камильдің үйінен күлгін түсті қарындашты тапқан. Бұған дейін өртеушілердің “Руслан, сен келесісің” деп қорқытып хат жазғандарын хабарланған еді. Камильдің үйінен табылған қарындаш түсі сол хаттағы түспен сәйкес келген. Алайда Камиль полицейлердің қарындашты өздері тастағанын айтады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр