Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Испаниялық жүргізуші көлігін үйдің төбесіне қойды (видео)

Испания қалаларында көлік қоятын тұрақтар үнемі толы болады. Содан болса керек, мұндағы бір жүргізуші көлігін анасы тұратын үйдің төбесіне қойыпты. Бұл үшін жер үйде тұрсаңыз және көлігіңіз шап-шағын, тіпті кішкентай болса жетіп жатыр.

4114

Сурет catalog.car.ru

Себебі жүргізушінің көлігі Daewoo Matiz екендігі мына роликтен бірден байқалады. Ерекше тұрақты бірінші болып, Daewoo иесінің көршісі байқап, полицияға хабарласыпты. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары көлік қойылған үй төбесінің ішке опырылып түсу ықтималдығын бағалап шыққан.

Абырой болғанда, баспананың «сүйегі» мықты болып шықты. Бірақ, осыған қарамастан, полиция жүргізушінің көлікті жерге түсіріп қоюын сұрады.

Талқылау