Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Испаниядағы цирктен қашқан сусиыр көшеде жүр (видео)

Испаниялық Палос-де-ла-Фронтера қаласында цирктен сусиыр қашып кетті.

art7759_1

Сурет povodok.ru

Куәгерлер оның көліктердің жүруіне кедергі келтіріп, көшеде жүргенін видеоға түсіріп, желіге жариялады. Бейнежазбадан жануар қауіпті болса да жергілікті тұрғындарды қорқытпағанын көруге болады.

Сусиыр қалай қашқаны туралы хабарланбады. Алайда, бірнеше сағаттан кейін хайуанды циркке қайтарғаны белгілі болды.

Талқылау