Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Испанияда тек өсімдік өнімдерінен әзірленген балмұздақ пайда болды

Валенсиядағы Wacis компаниясы вегетариан қауымға арналған балмұздақ шығарды. Балмұздақ тек ғана өсімдіктерден алынған өнімдерден әзірленген.

20160330010407

Оның құрамында ешқандай консерванттар мен жасанды иістендіргіштер, глютен жоқ. Балмұздақты өндіру барысында тек ғана баламалы қуат көздері пайдаланылды. Қазір Wacis лимон, құлпынай, апельсин дәмі бар «веган балмұздағын» саудаға шығарып отыр. Бұл тәттінің басты ерекшелігі – бұл қос печенье мен вафлидің арасына салынған балмұздақ.

Талқылау