Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Испанияда су құбырын салушылар жер астынан миллион евро тауып алды

Испанияда су құбырын салып жатқан жұмысшылар, ескі монеталарды тауып алған. Рим императорлары Максимилан мен Константиннің суреттері қашалған бұл теңгелер 19 құмыраға бөліп салынған екен.

14_main

Сурет skynews.com.au

Бұл туралы etoday.kz хабарлайды.

Археологтардың пайымдауынша ақша біздің заманымыздың III-IV ғасырларында соғылған болуы мүмкін. Олар әскерлер мен мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын төлеу үшін пайдаланылған. Монеталар негізінен қола металдан жасалған, бірақ, арасында күмістері де кездеседі.

Севилья археологиялық музейінің басшысы Ана Наварро қоймада тағы миллиондаған евро ақша жатуы мүмкін дейді. Енді бұл жерде құрылыс жұмыстары тоқтатылып, археологиялық қазба жұмыстары басталып кетті.

Еске салсақ, император Максимилиан Геркулий біздің заманымыздың 285-310 (үзіліспен) жылдар аралығында ел басқарған. Бірақ, оны Рим империясын өзіне қаратқан Константин I жаулап алып, тақтан тайдырған.

Талқылау