Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Испанияда шөлін тек ішімдікпен басқан 107 жастағы қария қайтыс болды

Испанияда 107 жастағы Антонио Докампо Гарсиа есімді қария  судың орнына консервантсыз алкогольді сусын ішіп қайтыс болды.

big

Гарсианың ұлы  Мануэль Докампо әкесінің күніне 1,5 литр жүзім шарабын ішетінін айтады. Сондай-ақ, ол бренди шарабын таңғы ас ретінде ішеді екен.

“Егер ол жылына 60 мың литр шарап шығартын болса, оның 3 мыңын өзіне алып қалады. Оның бұл шарапқа деген құмарлығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес”, – дейді ұлы.

Гарсия жүзім өсіріп, Азаматтық соғыстан кейін қызыл жүзім шарабын өндірумен айналысқан. Өзінің айтуынша, жүзім шарабы оған күш беріп, денсаулығына мықты болуына пайдасын тигізген. Ол дәрілерді тек 103 жасынан бастап ішкен екен.

Докампо Гарсианың артында 4 баласы, 7 немересі, 10 шөбере мен 1 шөпшегі бар.

Талқылау