Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Испанияда мемлекеттік қызметкер алты жыл бойы жұмысқа келмеген

Испандық мемлекеттік қызметкерге жұмысқа кем дегенде алты жыл бармағаны үшін 30 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынған.

800px-Aktentasche-676x450

Сурет www.epochtimes.ru сайтынан алынды

Хоакин Гарсияның жұмыста жоқтығы оның 20 жылдық қызметі үшін сыйақы беру кезінде ғана байқалған.

Елдің оңтүстік-шығысындағы Кадис қаласында жергілікті биліктің қарауында болған сумен жабдықтау компаниясы Гарсияға жылына 30 мыңнан астам доллар төлеген.

Сотта компанияның бастығы өзінің кеңсесінің Гарсияның кабинетіне қарама-қарсы орналасқандығымен, оны бірнеше жыл көрмегені белгілі болды.

Сумен жабдықтау бойынша компания оның жұмысын жергілікті билік бақылап отыр деп санаса, өз кезегінде билік мемлекеттік қызметкердің жұмысын компания бақылап отыр деп есептеген.

Гарсияның өзі тағылған айыптарды жоққа шығарып, жұмысқа күн сайын келгенін, бірақ онда істейтін жұмыс болмағанын айтып отыр, деп жазады Independent. Сондықтан ол негізінен Спинозаның философиясын оқуға уақытын жұмсаған.

Ақыры, сот билікке жақтасып, Гарсияға оның бір жылдық жалақысымен құны тең айыппұл салды.

Талқылау