Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Испанияда ер адам өзі жинаған ескі заттардың астында қалып қайтыс болды

Испанияның Виго қаласында полиция өз үйінде қайтыс болған 51 жастағы ер адамның денесін тапты. Ол ескі-құсқы заттарды жинай беріп, ақыры сол үйіндінің астында қалып о дүниелік болған.

pic_703f88a2ea307c0588adacce2281a7b0

Сурет Zuma / Globallookpress.com

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Ер адамның жоғалып кеткені туралы полицияға оның таныстары хабарлаған. Достары ер адамның ешқандай әлеуметтік желілерге шықпай, байланыссыз қалғанынан күдіктенген.

Алайда оқиға орынына келген тәртіп сақшылары оның өмірін сақтап қала алмады. Тіпті ретсіз жинала берген заттардың кесірінен үйге де кіре алу мүмкін болмаған. Ер адамның денесі есіктен бір метрдей жерде қоқыстар астынан табылған. Оны шығарып алу үшін, өрт сөндірушілердің көмегіне жүгінген.

Патологиялық аурудың бір түрі болып есептелетін бұл ауру – Диогена синдромы деген атпен де таныс. Бұл адамның өз-өзін психологиялық тұрғыдан жеп, өз-өзін жоғалтып алуынан туындайтын нәрсе.

Талқылау