Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Испанияда досы үшін емтихан тапсырмақшы болған жасөспірім сотталуы мүмкін

Испаниядағы Альмерия қаласының екі жасөспірім тұрғыны темір тордың ар жағына тоғытылуы мүмкін. Олардың біреуі екінші досы үшін емтихан тапсырып жатып ұсталған.

letnya-sessiya-2

Сурет iamhuman.ru сайтынан алынды

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Олар жалған құжат жасап, айла асырмақ болғандары үшін айыпталуда. Емтихан тапсырмақшы болған жасөспірім, досының жеке куәлігімен кірмекші болған. Айып тағушы, оларға жыл бойы күніне 6 евродан төлеп отыратын айыппұл салу керек деп есептейді. Ал олардың адвокаты болса, дәл бұлайша айып тағуды жабайылық деп бағалап, ол тәртіп бұзушылықтың қылмыстық әрекетке жатпайтынын айтқан.

“Осылайша айып тағып, түрмеге жабу еш қисынға келмейді. Емтихандық жұмыс ресми құжат негізінде қарастырылмауы тиіс”, – деп ойлайды адвокат.

Талқылау