Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Испандық азамат 350 мың евро үшін өз қолын кесіп тастады

Қаржылық қиыншылықтарға тап болған Испания тұрғыны өз қолын кесіп тастады. Осылайша ол сақтандыру компаниясынан өтемақы өндіріп алмақ болған. Алаяқтық жасағаны үшін ер адам 3,5 жылға бас бостадығынан айырылып, түрмеге тоғытылды.

аааааааа

Сақтандыру компаниясы өкілдері адамның қолын 350 мың долларға бағалады, деп хабарлады Dni.ru.  Алайда сот шешімімен испандық азамат енді барлық ақшаны кері қайтаруға міндетті.

Бұл іске азамат 2007 жылдың 10 желтоқсанында барған. Ол өздігінен (немесе біреудің көмегімен) өз қолын кесіп тастап, оны өз көлігіндегі жүргізуші отыратын орындықтың астына тығып қойған. Одан кейін көлігіне жағармай құйып, өртеп жіберді. Көлігінің өртеніп тұрғанын бақылап тұрған ер адам арам ойын жүзеге асыру үшін құтқарушыларды шақыртқан.

Испандық ипотекалық несиесін жаба алмағандықтан осындай қадамға барып отыр. Сондай-ақ, сот барысында ол психикалық ауытқушылыққа шалдыққанын мәлімдеген.

Жіберіп алмаңыз:

Қытай хирургтары баланың 15 сантиметрлік құйрығын кесіп тастады

Үнді жігіттің 18 жыл бойы жасырып келген 18 сантиметрлік құйрығын кесіп алып тастады (видео)

Белоруссияда ер адам тамағынан шаш тауып алғаны үшін әйелінің бас терісін кесіп алған

Өзін сәби кезінде құтқарып қалған медбикені іздеген әйел оны 38 жылдан соң тапты (фото)

Талқылау