Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Исламханның голы Европа Лигасының биылғы маусымындағы ең үздік гол деп жарияланды (видео)

Алматылық “Қайраттың” жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханның шотландиялық команда қақпасына соққан голы Европа Лигасы маусымындағы ең үздік гол деп жарияланды.

news_big_e4e1eed67d1e7650bcc8c765631f03df

Сурет fanatik.kz

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

“Қайраттың” капитаны соққан гол 86 пайыз дауыс жинап, басты бәсекелесі “Ливерпуль” үздігі Фелиппе Коутиньоны артқа тастаған. Бразиялыққа небәрі 7 пайыз ғана дауыс беріліпті. Үшінші орынды “Атлетик” шабуылшысы Ариц Адурис еншілеген.

Исламхан бұл голын үшінші іріктеу кезеңі раунды қарсаңында шотландиялық “Абердин” қақпасына соққан болатын.

Талқылау