Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ислам мемлекетіне” мүше болған қазақстандықтар азаматтығынан айырылады

Бүгін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетаралық «МИР» арнасының төрағасы Радик Батыршинге сұхбат берді.

a4743573144ecd7f35880d4eef3f1d40_L (1)

Кездесуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мерейтойы жайлы сөз қозғалды. Президент бұл ұйымның өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі мен оның институционалды дамуы туралы сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ Қазақстанның оған қосып отырған үлесіне де тоқталды. Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев өңірдегі қауіпсіздікке төніп тұрған қатерлер мен оларға ұйым аясында бірлесіп төтеп беру жолдары жайлы баяндады. Президент Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының НАТО-дан қандай айырмашылықтары бар екендігін қадап айтты.

“Біздің елден кетіп экстремистік ұйымға мүше болған Қазақстан азаматы елге қайта орала алмайды. Ол автоматты түрде азаматтығынан айырылады. Бұл мәжбүрліктен туған шара. Қазақстаннан “Ислам мемлекетіне” 500-600 адам, бұрынғы Совет Одағы елінен 5 мыңға жуық адам аттанды. Одан да көп болуы мүмкін. Адамдар террорлық ұйымға кірмеу үшін осындай шаралар женгізу керек. Біз “Ислам мемлекетінен” келген азаматтармен профилактикалық жұмыс жүргізуге тырысып көрдік. Алайда бұдан еш нәтиже шықпады. Сондықтан амалсыз оларды елге қайтармау туралы шешім қабылданды”, – деді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

Тағы да оқыңызар:

Елімізде нәсілдік немесе діни араздықты тудыру үшін азаматтықтан айырмайтын болды

Не себепті «шенеуніктер» мешітке аяқ киімін шешпей кіреді?

ҚР Бас прокуратурасы Renzo тобының әншісінен кешірім сұрады

Талқылау