Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ислам мемлекеті” ұйымы Брюссельдегі жойқын терактілерді өз мойнына алды

Бүгін 22 наурыз күні Бельгия астанасы Брюссельдегі төрт бірдей жарылысты “Ислам мемлекеті” экстремистік ұйымы өз мойындарына алды.

1394622750

Сурет dni.ru

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Соңғы деректер бойынша жарылыстар кезінде 34 адам қаза тапқан. Олардың көбісі Мальбэк метро бекеті мен “Завентем” әуежайындағы жойқын жарылыстардан ажал құшқан. Терактілер салдарынан жарақат алғандардың жалпы саны 150 адам.

Қазір қалада қоғамдық көліктер тоқтатылып, шекаралар жабылды. Ел премьер-министрі шұғыл отырыс өткізіп, халықты сабырлылыққа шақырды. Ел билігі мемлекетте үш күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады.

Талқылау