Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ислам мемлекеті” Манчестерде болған терактіні жасағанын мойындады

Көптеген елдерде тыйым салынған “Ислам мемлекеті” террорлық ұйымы Манчестердегі теракт үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.

231_1

22 мамыр күні кешке “Манчестер Аренада” америкалық әнші Ариана Гранденің концерті кезінде жарылыс болды. 22 адам қаза тауып, 59-ы жарақат алған, деп хабарлады Рейтер агенттігі содырлардың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Жарылыстан соң сегіз жасар қыз бен алты жасөспірім із-түссіз жоғалып кеткен. Терактіні жанкешті лаңкес ұйымдастырған, оның кім екені белгілі болды. Манчестер полициясы оның сыбайласын ұстаған. “Манчестер Аренадағы” оқиғаға қатысты айтарымыз, Оңтүстік Манчестерде 23 жастағы ер адамды ұстағанымызды растаймыз”, — делінген полиция мәлімдемесінде.

Тағы да оқыңыз:

Бір жынысты секспен айналысқан екі тұрғынға 85 дүре соғылды

Түркіменстанда баласы ірі көлемде ақшамен ұсталған соң министр өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды

Американың бірінші ханымы күйеуінің ұсынған қолынан ұстамай қойды (видео)

Талқылау