Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ислам Бозбаев Тунистегі Гран-При турнирінде алтын жүлдеге ие болды (видео)

Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев (90 кг) Тунисте өтіп жатқан халықаралық Гран-При турнирінде жеңімпаз атанды.

Финалдық бәсеге дейін Бозбаев Лондон олимпиадасының қатысушысы тунистік Джобран Ананды (иппон), словакиялық Петер Жилкті (вазари), чехиялық Давид Кламертті (иппон) жеңді. Ал ақтық жекпе-жекте бірнеше секунд ішінде әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған, Венгриядан келген спортшы Криштиан Тотомды (иппон) жеңді.

Бұған дейін 73 кг-ға дейінгі салмақта белдескен Жансай Смағұлов жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальды салған еді.

Айта кетейік, Тунистегі Гран-При турнирінің бірінші күнінде Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) пен Ерлан Серікжанов (66 кг) қола жүлдегер атанған еді.

Тағы оқыңыз:

Талқылау