Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ислам Алтайбаев алғашқы бейнебаянын экс-сүйіктісі Шынарға арнаған ба? (видео)

Ислам Алтайбаев бірталай отандық музыкалық жобаларға қатысқанымен, оның танымалдылығы “Қалаулым” жобасынан кейін артты. Ислам мен Шынардың махаббатына ұзақ уақыт куә болған көрермен олардың айырылысып кеткеніне әлі күнге дейін өкініш білдіріп келеді.

Ислам Алтайбаев алғашқы бейнебаянын экс-сүйіктісі Шынарға арнаған ба? (видео)

Алтайбаевтың су жаңа бейнебаяны көпшілікке бұрынғы хикаяны қайта еске салды, деп хабарлайды Stan.kz.

Ислам “Енді сүймеймін” атты жаңа клипінің туындысын өзі қатысқан “Қалаулым” шоуының эфирінде кесті. Ал күні бүгін видео YouTube желісінде жарияланды.

Баянсыз махаббатты суреттейтін туындының бас кейіпкерін көзі қарақты көрермен Шынарға ұқсатуда.
“Шынар екеуіңнің айырылысып кеткендерің өкінішті”, “Неге ажырастыңдар”, “Ән өте әдемі екен”, – деп пікір білдірді тыңдармандар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау