Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ислам Алтайбаев үйленетін және “жүретін” қыздарды ажыратып берді

“Қалаулым” шоуының жұлдызы, жас әнші Ислам Алтайбаев үйленетін және “жүретін” қыздардың ара-жігін ажыратып берді. Жас жігіттің айтуынша, бүгінде ер азаматтар қыздың қылығы мен жүріс-тұрысына қарап оларды екі топқа бөліп алған. Бірінші топпен түнгі клубтарда көңіл көтеріп, екінші топтағы қыздардың ішінен жар іздейді екен.

Ислам Алтайбаев үйленетін және "жүретін" қыздарды ажыратып берді

Бұл туралы 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Бойдақ болғаннан кейін көптеген отырыстарға барасың. Сол кезде көресің. Жүретін қыздар сенімен бірге отырып кальян шегеді, ішімдік ішеді. Сізбен бірге қосылып ішіп, шегіп отырса, оған деген көзқарасыңыз қалай болады? Көпке топырақ шашпай-ақ қояйын, менің көзқарасымда солай.

Үйленетін қыз ретінде өзін көрсету үшін қыз бала ішпеу керек, шекпеу керек. Көп қаңғырмау керек”, – дейді Ислам Алтайбаев.

Бұл ретте ол өзінің болашақ жарына қоятын талаптарын айтты.

“Мен іздеп жүрген қыз ибалы, иманды болуы керек. Ата-анасы абыройлы болу керек. Мүмкіндігінше толық отбасынан болу керек”, – дейді Ислам.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр