Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"70 дипломнан, жеті шелпегім артық": Тамара Асар ерекше "амалтерапиясы" туралы айтты

Тамара Асар қиналған кезде жетпіс дипломы болса да, жеті нанын артық көретінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Белгілі әнші әлеуметтік желідегі парақшасында қанша жерден психолог болсам да, қанмен сіңген әдет жеті нан салып, құран оқытуды әдетке айналдырғанын айтып жазды. Өнер иесінің сөзіне қарағанда бұл бала күннен көріп өскен әдеті.

«Псиxологияның жетеу емес, жетпіс дипломын алсам да, қорыққанда, қуанғандағы қанмен сіңген "сол сәттік іштей күбірлететін амалтерапиям" жеті наным бәрінен артық көрінесің. Ораза қабыл болсын. Тілегім орындалсын», - деп жазды ол.

Желі қолданушыларының біріне Тамара ханымның бұл сөзі ұнамай қалған сыңайлы, қуанып, қорыққанда ғана емес, бейсенбі сайын жеті шелпек саламыз, деп жазды ол. 

«Әй, қарағым-ай, адайдың қара қызысың ғой, Маңғыстауда тек қорыққанда не қуанғанда емес, бейсенбі күні жеті шелпек пісіру дәстүріміз ғой» деп сөкті желі қолданушысы. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр