Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ішкі тәртіпті” реттемек болған полиция қызметкерлері жасырын камераға түсірілген

  Жасырын түсірілген видеода  бірнеше полиция қызметкері  ұзақ дауласады. Олардың сөздерінен  арадағы бір полиция қызметкерінің әкесі ұлының жұмысындағы ақша жинауға қатысты шағым түсіргенін түсінуге болады. Телефонға түсірілген жазбада бастығы жұмысшысынан әкесінің шағымын қайтып алуын талап етуде.

image121575

Ұрыс арасында жігіттің әкесіне бастығы хабарласып,шағымын алмаған жағдайда ұлын жұмыстан шығаратынын ескертеді. Youtube желісіне 17 желтоқсан күні жүктелген видеоның қай өңірде жазылғаны белгісіз. Жасырын жазбада азаматтардың  түрлері  анық  көрінбегенімен, “ішкі тәртіп” жайлы сөздерін анық түсінуге болады. Сөз арасында адамдардың есімі мен телефон номерлері айтылады.

Ескерту! Видеода балағат сөздер көп айтылған!

Талқылау