Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі үстіне зәр шашылған полицейге қатысты сот шешіміне наразы

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қарағандыдағы үстіне зәр шашылған полицейді бас бостандығынан айырған сот шешімімен келіспейтінін айтты.

q1b

Сурет np.kz

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Аталған жағдай біздің бақылауымызда. Полицей 5 жыл бас бостандығынан айырылу жазасын алды. Ал тәртіп сақшысына зәрін шашқан адам еш жауапкершілікке тартылмады. Сараптама көлік жүргізушісінде дене жарақаты жоқ деген қорытынды шығарса да, судья осындай шара қабылдаған екен. Біз бұл шешімге наразылық білдіреміз. Мен Жоғарғы сотқа хат жаздым. Бұл іс заңдық тұрғыда қаралады деп ойлаймын”, – деді ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәжіліс жиынында.

Еске сала кетсек, сотталған полицейдің ісі туралы депутат Қожахметов бастаған. Зәр шашқан адамның жауапқа тартылу, тартылмауы туралы да министрге осы депутат сұрау салған болатын.

“Зәрін шашып жіберген адамға қатысты қылмыстық іс қозғалады. Біз тұтқынға алу туралы шара қабылдадық. Ал прокуратура “кепілдік” негізге ауыстырды. Қазір іс барысын бақылауда ұстап отырмыз”, – деді министр.

Еске сала кетсек, оқиға өткен жылдың 2 желтоқсанынла болған. Қайрат Елубаев есімді көлік жүргізушісін жол-патрулдік полция қызметкері 23 жасар сержант Төлеген Игібеков тоқтатады. Оның көлік жүргізу кезінде мас күйде болғанын байқаған полицей оны медициналық сараптамадан өтуге алып келеді. Осы сәтте көлік жүргізушісі Игібековтың үстіне өзінің зәрін шашып жіберген. Ал полицей ашуға булығып Елубаевты шапалақпен тартып жібереді. Осы оқиға негізінде 20 сәуір күні сот отырысы өтіп, Төлеген Игібеков 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Шу шығарған Қайрат Елубаевты да қамауға алғанымен, көп ұзатпай босатып жіберген.

Талқылау