Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі: Украинада ұсталған қазақстандық журналист 50 млн теңге ақша ұрлаған

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық журналист және белсенді Жанар Ахметова Украина аумағында ұсталды, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.

Оның сөзіне қарағанда, Жанар Ахметова ҚР қылмыстық кодексінің 177-бабы 3-бөлімінде (Алаяқтық) қарастырылған қылмыстарды жасады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Sputnik. 

“Белгілі болғандай, 2005 жылғы наурыздан 2008 жылғы қазанға дейін Жанар Ахметова процент қосып қайтарамын деп алдап, азаматтардың 50 миллион теңгеден астам ақшасын иемденіп кетті”, — деп хабарлады Садубаев.

Оның айтуынша, 2010 жылғы тамызда әйелге қатысты сот органдары қылмыстық кодекстің 72-бабын қолданып, баласы 14 жасқа жеткенше, яғни 2021 жылғы 5 қарашаға дейін жазасын кейінгі қалдыру шешімі шығарылған.

Бұған дейін қорғаушының сөзіне сүйене отырып, қазақстандықтың 22 қазанда Киев облысында ұсталғаны хабарланды. Оның ұсталуына интерпол бойынша халықаралық іздеуде жүргені негіз болған.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысының жол бойында көлік жолаушы әйелдің аяғын жұлып әкетті (фото)

Шығыс Қазақстан облысында үшем дүниеге келді

Талқылау