Ішкі Істер министрлігі түрмелерде есірткі саудасының қызып тұрғанын мойындады

Жұма, 15 Шілде , 2016 21:55

Полицейлер еліміздегі түрмелерді есірткі базарына айналдырған. Сақшылардың абақтыға нашаны қалай жеткізетінін ішкі істер вице-министрінің өзі айтып берді. Рашид Жақыповтың айтуынша, абақтыға есірткіні түрме қызметкерімен қоса сотталғандардың туыстары мен адвокаттар да тасиды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

мы

Бұл аздай, полицейлер тергеу абақтысына түскендерді және бұзақылықпен ұсталған балаларды аяусыз қорлап, зорлық-зомбылық көрсетеді екен. Бүгін осы жайттар Астанада өткен қоғамдық кеңесте айтылды.

Полицейлер қорғаушыға емес, қорлаушыға айналған. Мәселен, биыл елімізде небары алты айда «сақшыдан зорлық-зомбылық көрдім» деп 350 адам арыз жазған. Бірақ оның тек 4-уі ғана сотқа жетіпті. Қалғаны жабылып тынған. Ішкі істер қызметкерлері бұзақылықпен ұсталған балаларды да аямайды екен.

“Сауалнамаға қатысқан 6 қыздың 4-уі полиция пунктінде үлкен еркектермен бірге қамауда ұстады деп отыр. Бұл қыз абыройына нұқсан келтіреді. Балалардың тең жартысы сақшылар күш көрсетіп, ұрып-соғып, балағаттағанын айтты”, – деді Халықаралық түрме реформасы ұйымының Орталық Азиядағы аймақтық директоры Азамат Шамбилов.

Полицейлердің осындай дөрекілігінен уақытша қамауға алынған мыңдаған баланың психикасы бұзылып, қорқып қалған. Бұл аздай тәртіп сақшылары түрмені есіртікі сататын базарға айналдырыпты. Ішкі істер қызметкерлері тура абақтының ішінде есіртікінің әр дозасын 5 мың теңгеден еркін саудалап жүр дейді адвокаттар. Оны министрлік те мойындап отыр.

marijuana

“Түрмеде есірткінің сатылатынын жасырмаймыз. Мысалы, жазасын өтеп жүрген адам полицеймен келісіп, тапсырыс береді. Нақты бағасын айта алмаймын. Ішкі істер қызметкерлеріне қатысты бірнеше қылмыстық іс те қозғалған”, – деді ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов.

Қоғамдық кеңеске Алматыдағы тергеу абақтысының 4 қызметкері жабылып зорлап, тура түрмеде балалы болған 32 жастағы Наталья Слекишинаның адвокаты да келді. Айман Омарова қорғауындағы келіншекті күштеп жыныстық қатынасқа мәжбүрлегендердің түгел қатаң жазалануын талап етті. Тіпті сараптама қортындысы бойынша, зорлаушылардың бірі түрмеде туылған қыздың әкесі болып шыққан

“Келіншекті полицейлер бірінші рет зорлаған кезде колония басшысының міндетін атқарушы Ермек Омарбековке шағымданған. Бірақ басшылық ешқандай шара қолданбапты. Бір аптадан соң Слекишинаны әлгі төртеуі тағы зорлайды. Оған қолындағы баласы дәлел”, – деді адвокат Айман Омарова.

“Қылмыс жасаған қызметкерлерді ақтағым келмейді. Бұған абақтының басшылары да кінәлі. Полицейлерге қатысты тергеу жүріп жатыр”, – деді ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Азамат Базылбеков.

Дәл осындай зорлық-зомбылық еліміздегі барлық түрмеде бар. «Қара тізімді» Павлодар облысындағы абақтылар бастап тұр екен. Ал жазасын өтеушілерге күш көрсеткен қызметкерлердің тек 2 пайызы ғана жауапқа тартылған. Бұған қатты ашуланған Қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Қоғамов түрмеде тайраңдаған сақшыларды жөнге салудың жаңа тетігін табуды талап етіп еді, оның бұл сөзін Ішкі істер минситрінің орынбасары миығынан күліп қабылдады.

Сондай-ақ, бүгін Павлодар облысындағы абақтыда жұмбақ жағдайда ажал құшқан дзюдодан Қазақстан чемпионы Бақытжан Әбдікәрімовті жазасын өтеушілердің бірі өлімге итермелегені белгілі болды. Полиция қызметкерлерінің де кінәсі бар екен. Чемпионның қысым көргені тергеу кезінде дәлелденген. Енді айыптылар тегіс жауапқа тартылады деді Ішкі Істер министрлігінің өкілдері.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар