Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі “лайк” үшін құрдастарын аяусыз сабаған балалардың оқиғасын тексеріп жатыр

Ішкі істер министрлігі құрдасын аяусыз ұрып, тепкілеген балалардың бейнежазбасын зерттеп жатыр.

555

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бұған дейін балалардың өз құрдасына қатігездік көрсетіп, оны тепкілеп, көрермендерден лайк қоюларын сұраған видеосы желілерде жылдам таралып кеткен болатын.

“Олар зорлық-зомбылық, даудың арқасында танымал болғылары келеді. Олар осылайша құндылықты шатастырып алған. Бұл біздің қоғамның айнасы секілді. Адамдардың өзі криминал, зорлық, қылмыс туралы материалдарды жиі жариялайды, таратады”, – дейді блогер Якоб Федеров.

Оқиғаға байланысты психологтар да пікір білдірген.

“Балалар әрине жақсы, бірақ тек ата-анасы бар кезде ғана. Ал олар өз ортасымен жиналған кезде мейірімсіз болып кетеді. Ал олар сондай мейірімсіздікті өйткені қоршаған ортадан көріп жүр”, – дейді балалар психологы Елена Шабельникова.

Қазіргі таңда Қазақстан қалаларының бірінде түсірілген ҚР ІІМ зерттеп жатыр.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да педофил кішкентай қызды шешіндіріп тастаған жерінен ұсталды

Атырау облысында құтқарушылар теңізде жоғалып кеткен балықшыны үш күннен кейін тапты (видео)

Итальяндықтар екі жасар бүлдіршінді ЭКСПО көрмесінде ұмытып кетті

Ерке Есмаханның әнін саппен жүріп айтқан сарбаздар жұртты ду күлдірді (видео)

Талқылау