Ішкі істер министрлігі үстіне зәр шашылған полицейге қатысты сот шешіміне наразы

Дүйсенбі, 16 Мамыр , 2016 13:32

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қарағандыдағы үстіне зәр шашылған полицейді бас бостандығынан айырған сот шешімімен келіспейтінін айтты.

q1b

Сурет np.kz

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Аталған жағдай біздің бақылауымызда. Полицей 5 жыл бас бостандығынан айырылу жазасын алды. Ал тәртіп сақшысына зәрін шашқан адам еш жауапкершілікке тартылмады. Сараптама көлік жүргізушісінде дене жарақаты жоқ деген қорытынды шығарса да, судья осындай шара қабылдаған екен. Біз бұл шешімге наразылық білдіреміз. Мен Жоғарғы сотқа хат жаздым. Бұл іс заңдық тұрғыда қаралады деп ойлаймын”, – деді ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәжіліс жиынында.

Еске сала кетсек, сотталған полицейдің ісі туралы депутат Қожахметов бастаған. Зәр шашқан адамның жауапқа тартылу, тартылмауы туралы да министрге осы депутат сұрау салған болатын.

“Зәрін шашып жіберген адамға қатысты қылмыстық іс қозғалады. Біз тұтқынға алу туралы шара қабылдадық. Ал прокуратура “кепілдік” негізге ауыстырды. Қазір іс барысын бақылауда ұстап отырмыз”, – деді министр.

Еске сала кетсек, оқиға өткен жылдың 2 желтоқсанынла болған. Қайрат Елубаев есімді көлік жүргізушісін жол-патрулдік полция қызметкері 23 жасар сержант Төлеген Игібеков тоқтатады. Оның көлік жүргізу кезінде мас күйде болғанын байқаған полицей оны медициналық сараптамадан өтуге алып келеді. Осы сәтте көлік жүргізушісі Игібековтың үстіне өзінің зәрін шашып жіберген. Ал полицей ашуға булығып Елубаевты шапалақпен тартып жібереді. Осы оқиға негізінде 20 сәуір күні сот отырысы өтіп, Төлеген Игібеков 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Шу шығарған Қайрат Елубаевты да қамауға алғанымен, көп ұзатпай босатып жіберген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Казiргi танда IIO да жумыс жасау мумкин емес бiрде бiр полицейдiн кукыгы занмен коргалмаган коргалсада отте томен дарежеде жазасы тым женiл содан тагы бир айтарым тартипке багынбайтын башылар коп соларды тартипке салу керек былайша айтканда шымкентiн тилимен криша бар деп жургендерди оларга арнайы ОПМ курып жазалап натежесин жарялау керек .Ал полицейге зарин шашкан адамнын барлык кукытарын шектеу керек .Бул ic бойынша КР IIМ Калмухамет Касымов дурыс жасап жатыр бойында иманы бар екен нагыз еркек Алла колдасын озинди Рахмет Сiзге

  • Жұмбақ жан says:

    Ия, əйтеуір, Министр де жазықсыз полицейлерді қорғайтын болды, Аллаға шүкір!!! Абақтыда бір сөз қате айтқан полицей азаматтар отыр, солардың бəрін босатуға…

  • Жұмбақ жан says:

    Рахмет сізге министр мырза. Өзіңізді нағыз əділ басшы тарапынан көрсеттіңіз. Мен сізді қолдаймын. Үлкен рахмет сізге.

  • Жұмбақ жан says:

    Аууу пикир тастап едик кой кайда кеткен

  • Жұмбақ жан says:

    Іім министрі дұрыс жасады, қазір құқық қорғау органында жұмыс жасау мүмкін болмай тұр. Қызметкер жағынан қамқорлық жоқ, əр іс қимылдарын желіге салып қаралап шығады жəне соттатып жібереді бұл деген масқара ғо. Мемлекетке жұмыс жасаймыз деп қаншама құқық қорғау орган қызметкерлері жазықсыз сотталып жатыр. Сонда кім бұл салада жұмыс жасайды, ешкім келгісі келмейді. Зəрін шашса кімде кім ашуланар еді, мен қызметкердің орнында болсам шапалақ емес тіпті быт шытын шығарар едім. Нақақ сотталған еш фактісі дəлелденбеген құқық қорғау қызметкерлерінің барлығын шығару керек

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар