Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі Істер министрі «Экспо» аумағындағы көпірдің қасақана құлатылуы мүмкін екенін айтты

«ЭКСПО»-да қирап қалған көпірге қатысты дерек бойынша   қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігі құрылыс аумағындағы апат болған жерді жіті тексеріп жатыр, – деп хабарлайыды КТК арнасы.

20161116164811

“Қазір техникалық сараптама жүргізіп жатырмыз. Себебін анықтайық, кейін шешім шығарамыз. Біреу қасақана кесіп тастаған шығар немесе құрылыс материалы сапасыз болуы мүмкін. Барлығын анықтаймыз”, – дейді ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Астанадағы халықаралық көрме өтетін аумақтағы әсемдік үшін салынған 90 метрлік көпір опырылып қалған еді. Өткел тура Қазақстанға тиесілі ұлттық нысан мен шетелдіктерге арналған павильонды байланыстырып тұрған. «ЭКСПО» аймағындағы апат түскі уақытта болғандықтан адам шығыны жоқ. Көпірді салған “BI Group” оқыс оқиғаға қатысты бірнеше болжам жасады. Құрылыс компаниясы басшысының айтуынша, нысанды жобалағанда қате кеткен, құрылыс талаптары бұзылған немесе материал сапасыз болуы мүмкін. Қалай болғанда да, келген шығынды “BI Group” өзі өтейді.


Жіберіп алмаңыз:

Хокинг жер бетінде ақырзаманның қашан орнайтынын айтты

Үш жасар Айлиннің анасы сот отырысында жылап, күйеуін кінәлады

Қытайда той қонақтары жас жұбайларды елдің көзінше секспен айналысуға мәжбүрледі (видео)

Қытайда өзі жетім өскен қазақ қызы 62 мүгедек баланы асырап алды

Талқылау