Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрі: Руслан Күлікбаев ешқашан түзелмейді 

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Алматыда теракт жасағаны үшін сотталған Руслан Күлікбаев жайлы айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

“Түрмеде жазасын өтеп жатқан Күлікбаев қатаң бақылауда. Бұған дейін екі рет өзіне қол салмақ болды. Қызметкерлер дер кезінде тоқтатып үлгерді. Онымен жүргізіліп жатқан психологиялық жұмыстардың еш нәтижесі жоқ Ол өз айтқанынан қайтпайды. Енді түзелмейді. Оның камерасына бейнебақылау қойылған. Қызметкерлер қатаң бақылап отыр”, – дейді Қалмұханбет Қасымов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министр Күлікбаевтың әлі де өзіне қол жұмсағысы келетінін айтты. Бұған дейін Күлікбаевтың екі рет өзін өлтірмек болғанын хабарлаған едік.

Бұған дейін Руслан Күлекбаевтың көпшілікке беймәлім қырлары туралы да ақпарат жарияланған еді. Еске сала кетсек, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы болып шықты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау