Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрі ақтөбеліктің «өлтірілгендер» тізіміне қалай түсіп қалғанын түсіндірді

ҚР Ішкі істер министрі  Қалмуханбет Қасымов  ақтөбелік студенттің  өлтірілген террористер тізіміне қалай түсіп қалғанын түсіндіріп берді. Министрлік қызметкерлері  тізімдегі жігіттің өзі емес ағасы жайлы мағлұмат бермек болған.

жигиттт

« Адамдардың есімі мен тегін жазуда сұрақтар бар ма біздер қазір соны анықтап жатырмыз. Ал көзі жойылған адамға қатысты оқиға таңғы сағат алтыда болған. Ол кезде өлтірілген жігіттің  ағалы інілілердің үлкені деп айтылған. Ал негізінде кіші інісі жазылуы керек болған. Кейіннен балалардың әкесі келіп түсіндірді, біздің тараптан ескерту бірден өзгертілді.

Ал оның видеоға қалай түсіп қалғаны жайлы ақпаратты біздер қазір қызметтік тексеріс жүргізіп жатырмыз»,-деді Қасымов.

Бұған дейін Ақтөбе тұрғыны  Данияр Уайсов жалған ақпарат таратқан БАҚ өкілдерінен кешірім сұрауды талап еткен  видео жазба жариялаған болатын.

« 2016 жылдың 12  маусымы күні барлық БАҚ беттерінде мені өлтірілген террористер қатарында деп көрсетті. Көріп тұрғандарыңыздай мен тірімін, әрі денсаулығыма ешқандай зиян келтірілмеген. Сондықтан мені  өлгендер қатарына жатқызған БАҚ өкілдерінен бұл ақпараттың жалған екенін айтып, мені тірі деп көрсетулерін талап етемін»,-дейді студент.

Бұған дейін Ақтөбе ауылының тұрғыны өз суретін іздеуде жүрген террористер тізімінен көргенін айтқан еді.

 

 

Талқылау