Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішінде балалар болған автобустың жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облысында ішінде балалар болған автобус пен қар тазалаушы көліктің жол көлік оқиғасына ұшырауына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

8555733

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Бұған дейін аталған аймақта жол бойында жол көлік оқиғасының орын алғаны хабарланған болатын.

«Аққөл ауданында «Шеврол» автокөлігі жол бойында ереже бойынша арақашықтық сақтамай, алдындағы «Ауди» шетелдік автокөлігінің артынан қаққан. Соның салдарынан қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, ішінде балалары бар автобуспен соқтығысқан. Жүргізуші 1989 жылы туылған бойжеткен Астана қаласының тұрғыны», – дейді полицейлер.

«Шеврол» көлігінің жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. 1986 жылғы жолаушы, Астана тұрғыны Степнагорсктегі ауруханаға жеткізілді. Аталған іс бойынша, полицейлер ҚР ҚК 345 «Жол ережесін бұзу» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ, осы бап бойынша бойынша қар тазалаушы көлікке қатысты да қылмыстық іс қозғалды.

Бурабай ауданында 1961 жығы “Мерседес-Бенц” көлігінің жүргізушісі Щучинскке жол жүріп бара жатып, ережеге сай арақашықтықты сақтамағанының кесірінен алдындағы қар тазалаушы көлікті соққан. Салдарынан, көлік ішіндегі 1957 және 1991 жылғы екі жолаушы қаза тапты. Жүргізуші мен жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Талқылау