Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішімдікке тәуелділіктің басты себебі анықталды

Халықаралық ғалымдар тобы алкогольді ішуге деген бейімділіктің мидағы өзгерістермен байланысты екенін анықтады.

Ішімдікке тәуелділіктің басты себебі анықталды

Бұл туралы HealthXpress-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Биологтар зерттеу барысында тәтті суды немесе алкоголь ерітіндісін ішу үшін тұтқа басуды үйренген егеуқұйрықтарды пайдаланды.

Жануарлардың басым көпшілігі қантты ұнататын болып шықты. Алайда кеміргіштердің 15 пайызы ішімдіктен бөлек, қалған басқа сусындарды мүлде таңдамаған. Олар тіпті электр тоғының соққысына да назар аудармаған. Ғалымдардың пікірінше, мұндай егеуқұйрықтардың үлесі ішімдікке тәуелді адамдардың үлесімен тең.

Зерттеушілер жүздеген егеуқұйрықтың бес ми бөлігінде геннің қызметін тексерді. ДНҚ көрсеткіші бойынша, ең үлкен айырмашылықтар эмоцияның қалыптасуында маңызды рөл атқаратын бадамша пішінді денеде байқалды. GAT-3 ақуызын кодтайтын гендердің бірі алкогольге тәуелді егеуқұйрықтарда ең аз белсенділік көрсеткен. GAT-3 орталық жүйке жүйесін «тыныштандыру» үшін жауап беретін гамма-амин май қышқылының шоқырлануын төмен деңгейде сақтап тұрады.

Тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, ген басылғанда тәтті суды таңдаған егеуқұйрықтардағы GAT-3, олардың алкогольді ішуге деген бейімділін одан әрі дамытқан. Сонымен қатар, адамдарға жүргізілген зерттеу нәтижесі, ішімдікке тәуелді адамдардағы GAT-3 деңгейі бақылау тобындағылардікіне қарағанда төмен екенін көрсетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау