Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішімдікке сылқия тойған ер адам түн ішінде бұрынғы қайын атасын ұрып тастады

Атырау облыстық соты өзінің бұрынғы туыстарының үйінде жанжал шығарған ер адамның ісін қарастырды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Ішімдікке сылқия тойған ер адам түн ішінде бұрынғы қайын атасын ұрып тастады

Әкімшілік іс Қызылқоғадағы аудандық сотта қаралды.

Анықталғандай, ер адам бұрынғы әйелінің ата-анасының үйіне келіп, оның әкесін ұрып тастаған.

“Сотта отбасының бұрынғы күйеу баласы өз кінәсін мойындады. Ол бұрынғы әйелінің үйіне қызын көру үшін келгенін айтты. Сол кезде оны есік алдынан бұрынғы қайын атасы күтіп алып, түн ортасында үйге кіруіне тыйым салған. Осыған ашуланған ер адам бұрынғы қайын атасын ұрып тастапты”, – делінеді Қызылқоға аудандық сотының хабарламасында.

Жәбірленушінің сөзінше, 4 жыл бұрын ажырасып кеткен бұрынғы күйеу баласы үйге мас күйінде келген.

Сот ер адамды «Денсаулыққа қасақана  жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша кінәлі деп тауып, 10 тәулікке қамау жазасын тағайындады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау