Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішімдікке сылқия тойып алған: Қызылордада жасөспірімге ашық тиіскен әйел видеоға түсіп қалды

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі астанадағы подъезде бала ұрламақ болған белгісіз әйелдің іс-әрекеті бейнеленген видео жариялады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Кадрдан белгісіз әйелдің баланың артынан  қалай подъезге кіргені, онымен сөйлесіп, портфелін алып жатқаны көрінеді. Біршама уақыт өткен соң кадрда әйел, ер адам және әйелмен сөйлесіп жатқан полиция қызметкері пайда болады.  

Астанадағы полиция департаменті бұл оқиғаның Нұр-Сұлтанда емес, Қызылордада болғанын айтты. Ведомство желі қолданушыларын жалған ақпарат таратқаны үшін заңмен қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделгенін ескертті. 

Оқиға 16 мамыр, бейсенбіде, шамамен сағат 20:40-та Қызылордада болған.

 

"Облыс орталығындағы үйлердің біріндегі подъезде ішімдікке масаң азаматша ашық түрде кәмелетке толмаған баланың сөмкесін ұрламақ болған. Содан кейін оны осы үйдің тұрғындары ұстаған", - деп хабарлайды Қызылорда полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Осы фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты барлық себеп анықталуда. 

Талқылау