Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ішімдік алу үшін экскаваторды ұрлап мініп кеткен

Алматы облысында мас тұрғын дүкенге ішімдік алуға бару үшін экскаваторды айдап кеткен.

hyundai-r180lc-7

Ескелді аудандық соты Алматы облысы Қаратал ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады. Ол ұрлау мақсатынсыз экскаваторды заңсыз мініп кеткен.

Сот Р. Қуат таныстарымен ішімдік ішіп отырып, тағы да арақ сатып алып келу үшін  «ПМК 105» ЖШС   аумағындағы КАС-580Т экскаваторын мініп дүкенге барғандығын анықтады. Оны жолда полиция қызметкерлері ұстаған.

Р.Қуат ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылды.  Қылмыстық іс сотталушының  татуласуына және келтірілген шығынды реттеуіне  байланысты тоқтатылды.

 

 

Талқылау