Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Исекешев: Мен де КТУ түлегімін

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев өзінің де кәсіптік-техникалық училище бітіргенін және кәсіби-техникалық білімнің маңызы зор екендігін атап өтті.

12250738
Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлады.

«Кәсіби-техникалық білім мәселесіне тоқталсақ: мен де КТУ түлегімін. Сол себепті бұл сегменттің маңыздылығын жақсы түсінемін. Елбасымыз өнімді жұмыспен қамту мәселесін қозғап, әр азаматтың бір мамандық иесі болуы керектігі туралы айтты. Біз Астананың әр тұрғынына оның бір бөлігі ретінде сезінуге жағдай жасауымыз керек. Мүмкін қазір ол базарда жұмыс істейтін шығар не болмаса көше сыпыратын шығар. Біз ондай адамдардың бір мамандық алып шығуына мүмкіндік жасауымыз керек. Сол себепті де КТУ-мен бірге мамандарды қайта даярлау мүмкіндіктерін қарастыратын боламыз. Екіншіден: ол мамандарды болашақта қажет болатын секторларға бағыттауымыз керек», – деді Исекешев елордадағы білім беру қызметкерлерінің жыл сайынғы тамызда өтетін жиналысында.

Оның сөзінше, бағдарламалау және роботты техника мамандықтарына көбірек көңіл бөлінбек. Сондай-ақ, ол халықаралық туризм мен ағылшын тілі дамытылатынын атап өтті.

«Ағылшын тілін дамытуға ерекше көңіл бөлетінімізді атап өткім келеді. Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп оқытушыларды оқыту мәселесін қарастырамыз. ЭКСПО да жақындап қалды, миллиондаған туристерді қабылдайын деп жатырмыз. Біздің дәрігерлер, оқытушылар, полицейлер мен мейрамхана қызметкерлері ағылшын тілінде еркін сөйлеп, компьютерде еркін жұмыс істеулері керек», – деді қала әкімі. Сондай-ақ, ол бағдарламалау мен ағылшын тілі – болашаққа апаратын даңғыл жол және тренд екендігн атап өтті.

Жіберіп алмаңыз:

Үкімет ақысыз кәсіптік және теxникалық білім беру бойынша жоспарды жасақтауда

“Болашақ” бағдарламасының талаптары күшейтілді

Болашақ тарихшылардан өзге студенттер “Қазақстан тарихын” оқымауы мүмкін

Исекешев Астана көшелеріндегі сел үшін халықтан кешірім сұрады

Талқылау