Іс-түссіз жоғалып кеткен Ольга Чупразованы бұрынғы күйеуі мен оның досы өлтірді деген күдікпен ұсталды

Жұма, 13 Қараша , 2015 10:26

Тергеу болжамы бойынша павлодарлықтың 35 жастағы бұрынғы жолдасы 20 жастағы досымен бірге Ольга Чупразованы қала сыртына апарып, көліктің бейнетіркеуішінің бауымен тұншықтырып өлтірген.

1f7b7d0dc1ea185fb9e25664a48f5326

Фото: Одноклассники.ру

Кейін мүрдені көміп кеткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмованың айтуынша, әйелдің денесін еріктілер емес, тәртіп сақшылары тапқан. Тергеу барысында күдіктілер әйелді көмген жерді өздері көрсеткен. . – Чупразованың хабар-ошарсыз кеткеніне үш күн бұрын ресми түрде ажырасқаны белгілі. Бұған қарамастан ерлі-зайыптылар ортақ пәтерде тұра берген. 16-тамызда ер азамат бұрынғы әйелінің кешкі уақытта біреумен кездесетіні туралы білген.

Ол А. Чехов атындағы театрдың жанынан кетіп бара жатқанда бұрынғы күйеуі мен жолдасы күштеп, машинамен алып кеткен. Қос күдікті павлодарлықты электролиз зауытының жанында өлтіріп, тереңдігі 50 сантиметр болатын шұңқырға көміп кеткен. Бастапқыда қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы – адамды ұрлау, кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының бірінші бөлігі – адам өлтіру бойынша қозғалды, – дейді Б. Мағзұмова. Баспасөз хатшысының мәліметінше, Чупразованың артынан бірінші некеден 13 жастағы қызы және сегіз жастағы ұлы қалған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар