Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иркутскіде дәрігерлер цирк аюының көзін ауыстырмақшы

Дәрігерлер төрт аяқты әртісте катаракта ауруы бар екенін байқаған, енді ветеринарлар «көз микрохирургиясы» мекемесінің Иркутск филиалындағы жетекші мамандарымен бірге жыртқыштың зақымданған көз бұршағын ауыстырмақ ниетте.

20160214125048 (1)

Марта көзіндегі ақаулық бір жыл бұрын анықталған. Алайда бірден ота жасауға болмады. Иркутскідегі гастрольде жағдай ушығып, дәрігерлер ота жасауға бел буды.

Ерекше операцияны медицина қызметкерлері тегін жасауға келісті. Мекеме директоры Андрей Щуко мұндай жағдаймен бұған дейін кездеспегенін айтты.

«Хирург катарактаны алу әдісін таңдауы тиіс. Ультрадыбыстық факофрагментацияны жасау мүмкін болса, жақсы. Оның ерекшелігі, тігудің қажеті жоқ.  Ультрадыбыспен көзбұршақ жарылып,  микротесік арқылы жасандысы орнатылады» дейді Андрей Щуко.

Талқылау