Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ірі көлемде алаяқтық жасаған қазақстандық Бакуда ұсталды

Өзгенің мүлкін заңсыз иемденіп кеткен Қазақстан азаматы Әзербайжаннан Астанаға экстрадицияланды. Бұл туралы сейсенбі күні республиканың Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

гасанов

Сурет news.caravan.kz

“Бүгін Бас прокуратураның және ішкі істер министрлігі қызметкерлері Әзербайдан Республикасынан 42 жастағы Қазақстан азаматы Афет Гасановты елге қайтарды. Ол Маңғыстау облысы аумағында аса ірі көлемде өзгенің мүлкін заңсыз иемденіп кеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады”, – делінген хабарламада.

Гасановты ұстау туралы шешім 2016 жылдың 15 ақпанында Қазақстан тарабының ұсынысымен Әзербайжанның Бас прокуратурасында қабылданған. Күдікті Астанадағы уақытша тергеу изоляторына жіберілді.

Талқылау